Accessibility links

Грузия Ресейді "қауіпсіздікке қатер төндіреді" деп айыптады


Ресейдің құрлықтағы әскерінің бас қолбасшысы Владимир Чиркин.

Ресейдің құрлықтағы әскерінің бас қолбасшысы Владимир Чиркин.

Грузияның сыртқы істер министрлігі Ресейді "сепаратистік Абхазия мен Оңтүстік Осетия аймақтарын қарқынды түрде қаруландырып жатыр" деп айыптап, мәлімдеме жасады.

Грузия билігі таратқан мәлімдемеде "Ресейдің құрлықтағы әскерінің бас қолбасшысы Владимир Чиркиннің таяуда ғана Абхазия мен Оңтүстік Осетияға баруы мен ол аймақтарда қыркүйекте әскери жаттығу өткізуі Грузияның тұрақтылығына қауіп төндіреді" делінген.

Мәлімдемеде бұған қоса Ресейдің Кавказ аймағына "қылмыстық жүйе мен әскери тәртіптен басқа ештеңе ұсына алмайтыны" да айтылған.

Ал генерал Чиркин "Ресей мен Грузия арасында 2008 жылғыдай қақтығыс болмайды" дейді.

Ресей мен Грузия арасында 2008 жылы тамызда Оңтүстік Осетияға қатысты әскери қақтығыс болған еді. Ресей әскері грузин армиясының шабуылын басқан соң Оңтүстік Осетия Грузиядан тәуелсіздігін жариялаған.
XS
SM
MD
LG