Accessibility links

АҚШ-ты жарты ғасыр болмаған құрғақшылық жайлады


Егіс алқабы. Көрнекі сурет.
Егіс алқабы. Көрнекі сурет.
АҚШ территориясының 55 пайызын құрғақшылық жайлады. Мұндай құрғақшылық 1956 жылдан бері болмаған. Құрғақшылықтан елдің орта батысындағы егіс алқаптары күйіп кетуі мүмкін деген қауіп бар.

Құрғақшылық елдің батысы мен солтүстігінде де байқалып отыр. Бұл аймақтарда, мысалы, Небраска штатында егістік жерлер жерасты және өзен суымен суарылады.

АҚШ-тың ауылшаруашылығы министрлігі "биыл жиналатын өнім көлемі күрт азайып, 1988 жылғы деңгейіне дейін түсіп кетуі мүмкін" дейді.
XS
SM
MD
LG