Accessibility links

Қырғыз-өзбек шекарасында атыс болды


Қырғыз-өзбек шекарасы. Көрнекі сурет.

Қырғыз-өзбек шекарасы. Көрнекі сурет.

Қырғыз-өзбек шекарасында атыс болып, бір қырғыз шекарашысы қаза тапты.

Қырғыз шекара қызметі таратқан ақпарат бойынша, жанжал сейсенбіде Қырғызстанның Булақ-Башы ауылының тұсынан өтетін шекараның белгіленбеген бөлігінде болған. Онда жергілікті тұрғындар жол жөндеп жатқан. Атыстан ауылдың екі тұрғыны жараланған.

Мәліметтерге қарағанда, жол жөндеп жатқан қырғыздарға келген өзбек шекарашылары жұмысты тоқтатуды бұйырған. Бірақ қырғыздар бұйрыққа бағынбаған. Осыдан соң өзбек шекарашылары қару қолданған. Оған жауап ретінде қырғыз шекарашылары да оқ атқан.

Кейбір ақпараттар өзбек жағынан да қаза тапқандар бар екенін айтады. Бірақ нақты саны белгісіз.
XS
SM
MD
LG