Accessibility links

Ливияда парламент сайлауының нәтижесі шықты


Ұлттық күштер альянсы коалициясының жетекшісі Махмуд Жибрил. Ливия, 20 қазан 2011 жыл.

Ұлттық күштер альянсы коалициясының жетекшісі Махмуд Жибрил. Ливия, 20 қазан 2011 жыл.

Ливияда 7 шілдеде өткен парламент сайлауында либералдық альянс көпшілік орынға ие болды.

Ливия орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бұрынғы уақытша премьер-министр Махмуд Жибрил басқаратын либерал ұлттық күштер альянсы коалициясы парламенттегі 80 орынның 39-ын иеленді. «Мұсылман бауырлар» ұйымының «Әділет даму» партиясы 17 орынға ие болып, екінші орында келеді.

Бірақ Жибрил басқаратын альянсты Египет пен Тунистегі сайлауларда жеңіске жеткен исламшылардан басым түсті деп толық айтуға әлі ерте. Себебі биліктің ара салмағы өзін-өзі ұсынған үміткерлерге арналған 120 орынға сайлау өткенде белгілі болады.

Сайлау комиссиясы сайлауға дауыс беру құқы бар азаматтардың 62 пайызы қатысқанын айтады.
XS
SM
MD
LG