Accessibility links

Пәкістанда автобус жарылып, 10 адам қаза тапты


Сәрсенбіде Пәкістанның солтүстік-батысында автобус жарылып, 10 адам қаза тапты.

Жарылыс азшылықты құрайтын мұсылман шииттер тұратын таулы Оракзай ауданында болды. Жолда келе жатқанда автобуста қашықтан басқарылатын бомба жарылды.

Пәкістан билігі теракті діни алауыздықтан туындауы мүмкін дейді.

Осыдан бірнеше сағат бұрын АҚШ пен Пәкістан терроризммен біпрлесе күресу туралы келіссөздердің қайта басталғанын хабарлаған. Келіссөздер өткен жылдың соңында НАТО күштерінің Пәкістанның әскери базасын қателісіп бомбалаған соң тоқтап қалған еді. Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында болғна ол оқиғада 24 пәкістандық әскери қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG