Accessibility links

Еврейлерді қырды деген бұрынғы венгр офицер қамалды


Освенцим лагері. Польша, 27 қаңтар 2010 жыл. (Көрнекі сурет).
Освенцим лагері. Польша, 27 қаңтар 2010 жыл. (Көрнекі сурет).
Венгрияда бүгін Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери қылмыс жасады деген күдікпен 97 жастағы Ласло Чижик-Чатари тұтқындалды. Оның тұтқындалғаны туралы Будапешт прокуратурасы хабарлап отыр.

Чатари Симон - Визенталь орталығы іздестіріп жатқан "нөмірі бірінші" нацистік қылмыскер санатында болған.

Чатариге венгр полициясы офицері кезінде (Венгрия соғыс тұсында нацистік Германияның одақтасы болды) Словакиядан 15 мыңнан астам еврейді "Өлім лагері" аталып кеткен Освенцим (қазіргі Польша жерінде) колонияларына депортациялауды ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

1948 жылы Чехословакия соты оны сыртынан өлім жазасына кескен. Себебі Чатари соғыстан кейін жалған құжатпен Канадаға кетіп қалған еді. Ол Канададан Венгрияға 1990 жылдардың соңында оралды.

Таяуда ғана ұлыбританиялық Sun басылымы Чатари Симонның Будапеште тұрып жатқанын жариялаған.
XS
SM
MD
LG