Accessibility links

Йемен: Иранның тыңшылар тобын анықтадық


Йеменнің картасы. Көрнекі сурет.

Йеменнің картасы. Көрнекі сурет.

Йемен ішкі істер министрлігі Ираннан басқарылатын тыңшылар тобын әшкереледі деп хабарлады BBC телеарнасы. Министрліктің дерегінше, тыңшылар Сомали түбегінде қызмет еткен. Бірақ Иран революциялық гвардиясының бұрынғы мүшелері басқарып отыратын топтың орталығы Йеменнің астанасы Санада орналасқан.

Йемен президенті бұған байланысты Иранға ескерту жасап, тыңшылық әрекет тыйылмаған жағдайда оның мән-жайы туралы халықаралық қауымдастыққа жариялайтынын мәлімдеді.

Осы жылдың басында АҚШ-тың Йемендегі елшісі Джеральд Файерстайн "Иран Йеменнің солтүстігіндегі шиитік топтарды қолдайды және оңтүстігіндегі сепаратистерге көмек береді" деп мәлімдеген. Бұған жауап ретінде Тегеран Йеменнің ішкі ісіне АҚШ-тың өзі араласатынын айтқан.

Соңғы жарты жылда АҚШ-тың пилотсыз басқарылатын ұшақтары Йемендегі содырларға әуеден бірнеше рет соққы берді.
XS
SM
MD
LG