Accessibility links

Ұлыбританияда 4 адам терроризм күдігімен ұсталды


Лондонда қоғамдық қауіпсіздікті бақылап тұрған полицей. 7 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Лондонда қоғамдық қауіпсіздікті бақылап тұрған полицей. 7 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Лондонда 20 мен 30 жас аралығындағы үш ұлыбританиялық мұсылманға "2010 және 2012 жылдары теракті жасауға дайындықтан өту үшін Пәкістанға барды" деген айып тағылып отыр.

Тергеу деректеріне қарағанда, олар басқа да азаматтарға Пәкістандағы террористер дайындайтын орталықтармен байланыс жасауға көмектесіп отырған.

Ал 22 жастағы қызға "терроризмге қатысы бар материалдарды сақтады" деген айып тағылды. Төрт күдікті де шілденің басында ұсталған. Оның екеуі Лондонда олимпиада ойындары өтетін жерге жақын маңда тұрады.
XS
SM
MD
LG