Accessibility links

Таулы Қарабахта президент сайлауы өтіп жатыр


Таулы Қарабах аймағының картасы. Көрнекі сурет.

Таулы Қарабах аймағының картасы. Көрнекі сурет.

Өзін-өзі республика жариялап алған Таулы Қарабахта бүгін президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлаутөрт үміткер түсіп жатыр. Жүз мыңға тарта сайлаушы қатысады.

Таулы Қарабахтың сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Василий Атаджанян Reuters агенттігіне берген сұхбатында дауыс беру заңға сай өтіп жатқанын және өз республикасы мен демократиялық Еуропаның арасынна ешқандай айырмашылық жоқ екенін айтады.

Бірақ Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат бойынша бас комиссары Кэтрин Эштон бүгін таратқан мәлімдемесінде ЕО сайлауда басшылыққа алынатын конституциялық және құқықтық ережелерді мойындамайтынын айтты. Әзірбайжан да Таулы Қарабахтағы сайлауды заңсыз деп таныған.

Негізінен армяндар тұратын Таулы Қарабах аймағы 1991 жылы СССр құлағанда Әзербайжаннан бөлінетінін жариялаған. Оның соңы қарулы қақтығысқа әкеп соғып, Әзірбайжан аймаққа бақылау орната алмай қалды.

1994 жылы бейбіт келісімге қол қойылғанымен, соңғы уақыттары аймақтағы жағдай шиеленісе бастады.
XS
SM
MD
LG