Accessibility links

Египеттің бұрынғы вице-президенті қайтыс болды


Египеттің бұрынғы вице-президенті Омар Сүлеймен.

Египеттің бұрынғы вице-президенті Омар Сүлеймен.

Хосни Мүбәрәк тұсындағы Египеттің бұрынғы вице-президенті, барлау қызметінің бұрынғы басшысы, 70 жастағы Омар Сүлеймен АҚШ-та ауруханада қайтыс болды.

Египеттің ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Омар Сүлеймен АҚШ-қа емделуге барған. Бірақ агенттік оның нақты неден қайтыс болғаны жайында ештеңе айтпады.

Ал Reuters агенттігіне сұхбат берген Омар Сүлейменнің көмекшісі Хусейн Камаль оның Кливленд қаласында ем алып жатқанда қайтыс болғанын айтқан.

Омар Сүлеймен Хосни Мүбәрәк 2011 жылы биліктен кетер тұста аз ғана уақыт вице-президент қызметін атқарды. Мамыр және маусым айларында өткен президент сайлауына түсуге ниет білдіргенімен, сайлау комиссиясы оны сайлауға қатысудан шеттеткен.
XS
SM
MD
LG