Accessibility links

Алматыда оралмандарды бейімдеу орталығы құрылды


Жол бойында тұрған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы, Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Жол бойында тұрған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы, Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Бүгін Алматы қалалық ішкі саясат департаментінің қолдауымен «Жанашыр» атты оралмандарды бейімдеу орталығы құрылды.

Ұйым құрылғаны турасында таратылған баспасөз хабарламасында «Жанашыр» орталығы жаңадан елге келіп жатқан қазақтарға бағыт-бағдар, құқықтық көмек көрсететіні, тіл үйретіп, жаңа ортаға тез бейімделіп кетуіне септесетіні айтылған. Орталықтың .жанынан әр түрлі секциялар, үйірмелер және қызметтер жұмыс істемек.

Орталықтың жұмысын үйлестіріп отыратын жеке сайты да ашылған.
XS
SM
MD
LG