Accessibility links

Қазақ-өзбек шекарасындағы бекетті уақытша жабуды ұсынды


Қазақ-өзбек шекара бекеті. Көрнекі сурет.

Қазақ-өзбек шекара бекеті. Көрнекі сурет.

Қазақстан кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев үкіметтің қарауына Өзбекстанмен шекарадағы "Тәжен" шекара бекетін уақытша жабу мәселесін ұсынбақ. Бұл туралы комитеттің бейсенбіде таратқан хабарламасында айтылады.

Комитет басшысы Маңғыстау облысына сапармен барғанында "Тәжен" бекетіне, Түркіменстанмен шекарадағы "Темір-баба" шекара бекетіне барғанын айтты. Оның пікірінше, бекетті инфрақұрылымын халықаралық стандарттарға сай құру үшін уақытша жаба тұру керек.

Комитеттің хабарына қарағанда, Өзбекстан жағы Қазақстан кеденшілерінің осы мәселеге орай кездесу өткізу ұсынысына жауап бермеген.
XS
SM
MD
LG