Accessibility links

Сирия көтерілісшілері шекара бекеттерін басып алып жатыр


"Сирия еріктілер армиясының" сарбаздары үкімет әскеріне қарсы ұрыста. Дамаск, 17 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
"Сирия еріктілер армиясының" сарбаздары үкімет әскеріне қарсы ұрыста. Дамаск, 17 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Сирия көтерілісшілері Ирак және Түркиямен шекарадағы бірнеше шекара бекеттеріне шабуыл жасады.

Ирактың ішкі істер министрінің орынбасары Аднан әл-Ассадидің сөзіне қарағанда, көтерілісшілер Иракпен шекарадағы барлық шекара бекетін басып алған. Бірақ басқа ресми ақпарат көздері бұл жайлы ешқандай хабар таратпады.

Кейбір деректер бойынша, көтерілісшілер Түркиямен шекарадағы екі бекетті де басып алған. Бірақ оның бірін кейін Сирияның үкімет әскері қайтарып алған.

Бейсенбіде Ресей мен Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияға қатысты жаңа қарар жобасына вето қойған еді.
XS
SM
MD
LG