Accessibility links

Татарстан мүфтиіне жасалған қастандыққа сезіктілер ұсталды


Татарстанның бас мүфтиі Илдус Файзов. Қазан, 12 шілде 2012 жыл.

Татарстанның бас мүфтиі Илдус Файзов. Қазан, 12 шілде 2012 жыл.

Шілденің 20-сы күні Ресей тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин "Татарстанның бас мүфтиі мен оның орынбасарына қастандық жасады деген күдікпен төрт адам ұсталды" деп хабарлады.

Кеше Қазанда жасалған қастандықтан мүфти Илдус Файзов жараланып, оның орынбасары Валиулла Якупов қаза тапқан еді.

Тергеушілер қастандыққа мүфти мен оның орынбасарының кәсіби қызметі себеп болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Илдус Файзов пен Валиулла Якупов Татарстанда діни экстремизм және радикализмге қарсы белсенді күрес жүргізіп келген.
XS
SM
MD
LG