Accessibility links

Тәжікстан қауіпсіздік басшыларының бірі қастандықтан қаза тапты


Абдулло Назаров қауіпсіздік қызметі орынбасары кезінде. 3 қараша 2009.

Абдулло Назаров қауіпсіздік қызметі орынбасары кезінде. 3 қараша 2009.

21 шілде күні кешке Тәжікстан қауіпсіздік қызметі басшыларының бірі болған Абдулло Назаров кісі қолынан қаза тапты. Бұл турасында Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады.

Оқиға кезінде ол Бадахшан облыстық қауіпсіздік комитеті басқармасының бастығы қызметін атқарған. Назаровтың пышақталған мәйіті Ишкашим ауданынан табылған.

Марқұмның туыстары оқиғаны растады. Тексеру жүргізілуде.

2010 жылға дейін Абдулло Назаров Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары болған. Сол жылы қырғыз басылымдары оны Қырғызстанның елден қуылған президенті Құрманбек Бәкиевтің туыстарын паналатты деп айыптаған болатын. Азамат соғысы кезінде оның оппозициямен байланыста болғаны айтылады.

2010 жылы аталған комитеттің уақытша абақтысынан 25 адам қашып кеткен болатын. Соңғы кездері Назаровтың аты-жөні осы оқиғаға қатысты атала бастаған.

Тәжікстанда маусым айында президент Эмомали Рахмонның жездесі Холмуъмин Сафаров та қарулы шабуыл салдарынан қаза тапты.
XS
SM
MD
LG