Accessibility links

Куба диссиденті жол апатынан қаза тапты


Кубаның белгілі диссиденті Освальдо Пайя кеше жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы оның адам құқығы қозғалысындағы серіктері хабарлады.

Жол апаты ел шығысындағы Гранма провинциясының Байямо қаласында болған. Освальдо Пайяның жасы 60-та.

Ол адам құқығын сақтауға кепілдік беретін референдумға қол жинауда «Варел жобасымен» танымал. Оны билік бірнеше мәрте тұтқындаған.

Освальдо Пайя Куба диссиденттерінің бейресми өкілі ретінде кеңінен белгілі.
XS
SM
MD
LG