Accessibility links

Башар Асадқа елден қауіпсіз жолмен шығу ұсынылды


Aраб елдері лигасының бас хатшысы Нәбил әл-Араби.
Aраб елдері лигасының бас хатшысы Нәбил әл-Араби.
Араб елдері лигасы Сирия президенті Башар Асад президенттіктен кететін болса, оның және оның әулетінің елден қауіпсіз жолмен шығуын қамтамасыз ете алады.

Бұл туралы Катардағы лига елдері сыртқы істер министрлерімен кездесуде ұйым басшысы Нәбил әл-Араби айтқан.

Кездесуде Сирияның Еркін армиясын ұлттық бірлік өтпелі үкіметін құруға шақырған. Жиында Сирия босқындарына 100 млн АҚШ доллары көмегін бөлу туралы шешім қабылданды.

Дамаск мен Алеппода көтерілісшілер мен үкімет күштері арасында әскери әрекет жалғасуда.
XS
SM
MD
LG