Accessibility links

Приозерскідегі оқиға бойынша іс қозғалды


Қару ұстаған әскери қызметкер. Көрнекі сурет.

Қару ұстаған әскери қызметкер. Көрнекі сурет.

Приозерскідегі оқиға бойынша іс қозғалды. Ақпарат агенттіктерінің бас әскери прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, оқиға жексенбіде сағат 10.50 шамасында болған.

Оқиға барысында 44841 әскери бөліміндегі кезекшінің бөлмесінде аға лейтенант М. Қадыров әскери бөлімге жауапты подполковник Г. Өміровтың ескертпесіне қарамастан табельді қару қолданатынын айтқан.

Бөлім кезекшісі капитан Т. Жәкібаев пен подполковник Г. Өміров Қадыровтың қолынан қаруды алмақ болып әрекеттенген. Осы сәтте оқ атылып, жараланған Жәкібаев пен Өміров ауруханаға жеткізілді.

Қадыров ұсталып, тексеру жүріп жатыр. Қарағанды әскери-тексеру басқармасы аға лейтенант Қадыровқа қатысты Қылмыстық кодекстің 36-бабы, 2- бөлімі «а» тармағында және 24-баптың 3- бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.
XS
SM
MD
LG