Accessibility links

Қаза тапқан Куба диссидентімен қоштасуға жүздеген кісі келді


Куба диссиденті Освальдо Пайя.

Куба диссиденті Освальдо Пайя.

Дүйсенбіде Гаванада Кубаның белгілі диссиденті Освальдо Пайямен қоштасу рәсіміне жүздеген адам жиналды. 60 жастағы Пайя жексенбіде елдің шығысында көлік апатынан қаза тапқан. Онымен бірге көлікте отырған тағы бір белсенді Гарольд Сеперо да мерт болған.

Куба диссиденттерінің бейресми өкілі ретінде кеңінен белгілі Освальдо Пайя адам құқығын сақтауға кепілдік беретін референдумға қол жинауда «Варел жобасымен» танымал.

Диссиденттің серіктері бұл көлік апатына қатысты тыңғылықты тергеу жүргізуді биліктен талап етіп отыр.

АҚШ президенті Барак Обама Освальдо Пайяны «адам құқығы үшін қажымас күрескер» деп атады.
XS
SM
MD
LG