Accessibility links

Колорадодағы қырғынға күдікті алғашқы сотта үнсіз отырды


Джеймс Холмс алдын ала сотта отыр. Колорадо, 23 шілде 2012 ж.

Джеймс Холмс алдын ала сотта отыр. Колорадо, 23 шілде 2012 ж.

АҚШ-тың Колорадо штатындағы Аврора қаласында кинотеатрда болған қанды оқиғаға күдікті ретінде қамауға алынған Джеймс Холмс шілденің 23-і күні алғаш рет сот алдына әкелінді.

Алдын ала сотта судья бұл қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы басталғанға дейін Холмсты Сентенниал қаласының түрмесінде қамауда ұстау және оны кепілге босатпау туралы шешім шығарды. 15 минутқа созылған алдын ала сот барысында Джеймс Холмс дыбыс шығармай сұлқ отырды.

Шілденің 20-сы түнде Бэтмен туралы «Қара сері: аңыздың жаңғыруы» атты жаңа фильмнің көрсетілімі кезінде Аврора қаласындағы кинотеатрда қару оғынан 12 адам қаза тауып, 50-ден астам кісі жараланған. Полиция бұл іс бойынша 24 жастағы Джеймс Холмсты күдікті ретінде ұстаған.
XS
SM
MD
LG