Accessibility links

Қырғызстан 44 елмен визасыз режимге көшті


Қырғызстан 60 күнге шейін азаматтарына визасыз жүру тәртібін енгізген мемлекеттер көрсетілген карта.
Қырғызстан 60 күнге шейін азаматтарына визасыз жүру тәртібін енгізген мемлекеттер көрсетілген карта.
Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев «Кейбір мемлекеттердің азаматтары үшін 60 күнге шейін визасыз жүру режимін енгізу туралы» заңға қол қойды деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Бұл заңның шетелдік азаматтарға виза беруді жеңілдету, туризм саласын дамыту, туристерді елге келуге ынталандыру және инвестиция тарту мақсатында қабылданғаны айтылады. Қырғызстан біржақты түрде енгізіп отырған визасыз режим үкімет бастамасымен 2012 жылы маусымның 14-інде қырғыз парламенті қабылдаған тиісті заң негізінде жүзеге асырылады.

Бұл заңға сәйкес, тұрғындарының адам басына шаққанда жалпы ішкі өнім көрсеткіші жеті мың доллардан асатын 44 мемлекеттің азаматтары енді Қырғызстанда 60 күнге шейін визасыз жүру құқығына ие болады.
XS
SM
MD
LG