Accessibility links

Неліктен CNN Қазақстанның "жетістіктерін" айтып кетті?


CNN телеарнасының жүргізушісі "Қазақстанға көз тігу" хабарын жүргізіп тұр.

CNN телеарнасының жүргізушісі "Қазақстанға көз тігу" хабарын жүргізіп тұр.

АҚШ-тың Atlantic басылымы CNN International телеарнасы көрсеткен Қазақстан туралы хабарлар топтамасын кім қаржыландырды деген сауалға жауап іздейді.

"Қазақстан республикасы АҚШ БАҚ-тарында жиі еститін елдің аты емес" деп басталады Atlantic ("Атлантик") басылымының шілденің 23-і күнгі бір мақаласы. Автордың сөзінше, бұрынғы совет елі я Қытай мен Таяу Шығыс сияқты планетаның күйіп тұрған жері емес, я қайнаған жаңалық ортасы емес. Демек америкалық телеарнаның рейтингін шарықтатып жіберетін қауқары жоқ тақырып.

"Қытай мен Ресейдің арасында сығылып қалған мұнайға бай елге" CNN International телеарнасының неліктен осыншама тікелей эфир уақытын арнағаны тілшіні ынтықтыра түскен. Журналистің жазуынша, "Қазақстанға көз тігу" деп аталатын хабарлар топтамасының интернет нұсқасындағы кейбір тақырыптарының астына CNN телеарнасы арнайы мәлімет қосқан. Онда бұл типтес хабарлардың "демеушілер қаржысына түсірілетіндігі, бірақ телеарнаның редакторлық қадағалау құзыретін ешкімге бермейтіні" жазылған.
CNN тележүргізушісі Монита Раджпал Еуразиялық медиа форумда. Алматы, 28 сәуір 2010 жыл.

CNN тележүргізушісі Монита Раджпал Еуразиялық медиа форумда. Алматы, 28 сәуір 2010 жыл.


Ары қарай автор EurasiaNet.org сайтында жарияланған мақалаға сілтеме жасай отырып, Қазақстан туралы хабарлар топтамасын жеке компаниялар емес, мемлекетке қарайтын "Самұрық-Қазына" мен "Астана Экономикалық Форумы" ұйымы қаржыландырғанына назар аудартады. АҚШ-қа көрсетілген теленұсқада бұл туралы мәлімет берілмеген болып шыққан.

Америкалық журналист CNN-нің хабарларында "сарапшы", я "маман" ретінде пікір айтқан адамдардың барлығы дерлік Қазақстан үкіметі демеу жасайтын институттарда жұмыс істейтін адамдар екенін жазады. Оның ойынша, үкімет қаржыландыратын Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубының төрағасы Мұрат Қарымсақовтың экономика туралы тәуелсіз пікір айтуы мүмкін емес. Сол сияқты Қазақстан президентінің әкімшілігінде жұмыс істейтін Дәрмен Сәдуақасов та тәуелсіз маман ретінде пікір білдіре алмайды. Бірақ CNN Қазақстанның экономикасы мен білім беру саласын дәл осындай адамдарға бағалатқан.
Көз алдыңызға CNN -нің президент Барак Обаманың әкімшілігінде бюджеттік жоспарлау бөлімін басқарған Питер Орзагтан Обаманың экономикалық саясатын бағалауды сұрағанын елестетіңізші. Немесе "Форд Моторз" компаниясының төрағасынан "бейтарап" эксперт ретінде "Форд" туралы комментарий алғанын елестетіңізші.
Автор: "Көз алдыңызға CNN телеарнасының президент Барак Обаманың әкімшілігінде бюджеттік жоспарлау бөлімін басқарған Питер Орзагтан Обаманың экономикалық саясатын бағалауды сұрағанын елестетіңізші. Немесе "Форд Моторз" компаниясының төрағасынан "бейтарап" эксперт ретінде "Фордтың" қайта шарықтауы туралы комментарий алғанын елестетіңізші" деп таң қалады.

Ары қарай Atlantic тілшісі Қазақстан үкіметінің соңғы жылдары шетелдегі имиджін жақсарту үшін BGR Gabara, Tony Blair Associates, Portland Communications және Media Consulta сияқты пиар компанияларды жалдай бастағанын атап өтеді.

Автор Қазақстанның экономикалық өсуін шолушы ретінде өзі де жоғары бағалайтынын, және ешқандай да Астана жалдаған лоббиспен кездеспей-ақ осындай қорытынды жасағанын жазады. CNN телеарнасының бұған дейін Қазақстандағы саяси өмірдің жағымсыз жайттары туралы да хабарлар көрсеткеніне нұсқайды. Бірақ бәрібір дәл осы жолғы "Қазақстанға көз тігу" жобасына қатыстырылған "сарапшылардың" қандай тәсілмен сұрыпталғанын ұға алмай дал.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG