Accessibility links

Иракта Chevron компаниясының мұнай өндіруіне тыйым салынды


Chevron компаниясының белгісі.
Chevron компаниясының белгісі.
Ирак үкіметі сейсенбіден бастап ел аумағындағы кеніштерден Chevron компаниясының мұнай өндіру жұмыстарына тыйым салынатындығын жариялады.

Өткен аптада Chevron Ирактың күрдтер қоныстанған аймағында үндістандық Reliance компаниясынан мұнай барлайтын блоктарды сатып алуына ресми Бағдат қарсылық білдіріп, ол келісімнің күшін жоюды талап еткен.

Ирак мұнай-газ келісімдерінің барлығы Бағдаттағы орталық үкіметтің қатысуымен жасалғанын қалайды. Сонымен бірге Ирак билігі тағы бір америкалық кәсіпорын - ExxonMobil компаниясына былтыр күзде күрдтер қоныстанған аймақтың жергілікті билік орындарымен жасаған келісімін үзбейтін болса, онда бұл компанияға қатысты да әлгіндей шара қолданатындығын ескертіп отыр.
XS
SM
MD
LG