Accessibility links

Үндістанның жаңадан сайланған президенті ант берді


Пранаб Мухерджи.

Пранаб Мухерджи.

Бүгін Үндістан президенті Пранаб Мухерджи ант берді. Ол бұған дейін қаржы министрі болған және ұзақ жылдардан бері Үнді ұлттық конгресі партиясының мүшесі.

Үндістанда президент негізінен рәсімдік міндеттерді атқарады, әйткенмен билік орындарында саяси дағдарыс туындаған жағдайда президент Конституция кепілі ретінде іс-әрекет жасай алады. Сонымен бірге президент елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы болып табылады.

76 жастағы Пранаб Мухерджи Үндістанның 13-ші президенті, ол бұл қызметке өткен жексенбіде сайланған.
XS
SM
MD
LG