Accessibility links

Интернетте Қазақстан президентінің дербес парақшасы ашылды


Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы - Ақорда.
Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы - Ақорда.
Шілденің 25-і күні интернетте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дербес парақшасы ашылды.

Онда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Назарбаевтың өмірбаяны, атақтары мен марапаттары, мақалалары, кітаптары, әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұқбаттары, отбасы туралы деректер, фотолар мен видеолар бар. Дербес парақшаның көзі нашар көретін адамдар мен мобильдік құрылғыларға арналған нұсқалары да бар.

Сондай-ақ бүгін интернетте Қазақстан президентінің ресми сайтының жаңартылған нұсқасы ашылды. Президенттің баспасөз қызметі Қазақстан басшысының маңызды іс-әрекеттері мен шешімдері туралы ақпарат бұдан былай твиттер желісі арқылы көпшілікке шұғыл таратылатыны туралы хабарлап отыр.
XS
SM
MD
LG