Accessibility links

Тәжікстан билігі бүлікшілерге ультиматум қойды


Хорог қаласы, Таулы Бадахшан аймағы. Көрнекі сурет.

Хорог қаласы, Таулы Бадахшан аймағы. Көрнекі сурет.

Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында әскери операция уақытша тоқтатылды. Үкімет күштері және оған қарсылас тараптың өкілдері келіссөздер өткізіп жатқаны туралы ақпарат тарап отыр.

Келіссөз барысында Тәжікстанның қорғаныс министрі Шерали Хайруллаев ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің генералы Абдулло Назаровты өлтірген деген күдікке ілінген төрт адамды беруді бүлікшілерден талап еткен. Сондай-ақ бүлікшілерге ұрысты тоқтатып, үкімет күшіне берілуді ұсынған Хайруллаев, егер олар бұған көнсе, билік тарапынан рақымшылық болады деп уәде еткен.

Сейсенбі күні Таулы Бадахшан автономиялық облысында басталған әскери шара барысында барлығы 42 адам қаза тауып, ондаған адам жараланғаны туралы хабарланды. Ресми деректе үкімет күшінен 12 адамның қаза тауып, 23 адамның жараланғаны, ал қарсы жақтан 30 бүлікшінің көзі жойылып, 40 адамның қолға түскені айтылады.

Бейбіт тұрғындар арасында ондаған адам қаза болған деп хабарлаған тәуелсіз басылымдардың ақпаратын билік орындары жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG