Accessibility links

Freedom House Жаңаөзенге қатысты тәуелсіз зерттеу жайын білгісі келеді


Freedom House құқық қорғау ұйымының президенті Дэвид Крамер. Алматы, 25 шілде 2012 ж.
Freedom House құқық қорғау ұйымының президенті Дэвид Крамер. Алматы, 25 шілде 2012 ж.
Жаңаөзен оқиғасын тәуелсіз зерттеу ісі қалай жүріп жатқанын Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымының президенті Дэвид Крамер Қазақстан үкіметінен білгісі келеді.

Бұл туралы бүгін Алматыда журналистермен кездесуде Крамердің өзі айтты.

"Бұған дейін Freedom House Қазақстан үкіметін Жаңаөзен оқиғасына халықаралық ұйымдардың қатысуымен тәуелсіз зерттеу жүргізуге шақырған. Мен енді Астанада үкімет өкілдерімен кездесіп, Жаңаөзен оқиғасына тәуелсіз зерттеу жүргізуге қатысты не істелгендігін сұрамақ ниеттемін", - деді Дэвид Крамер.

Сонымен бірге Freedom House ұйымының жетекшісі қазіргі таңда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің арасында ақпарат еркіндігі туралы заңы жоқ санаулы елдердің қатарында Қазақстанның бар екендігін атап өтті.

Freedom House жүргізген мониторинг нәтижесі бойынша, Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайы еркін емес елдердің санатында тұр.

Жаңаөзен мен Шетпеде 2011 жылы 16-17 желтоқсанда болған оқиғалар кезінде ресми дерек бойынша 17 адам қаза тауып, 100-ге тарта адам жараланды. Жаңаөзен қаласындағы оқиғаларға қатысы бар деп айыпталған 13 адам 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге сотталды.
XS
SM
MD
LG