Accessibility links

Лондон Олимпиадасының алғашқы ойындары өтті


Камерун командасының қақпасына АҚШ футболшыларының шабуыл жасаған сәті. 25 шілде 2012 ж.
Камерун командасының қақпасына АҚШ футболшыларының шабуыл жасаған сәті. 25 шілде 2012 ж.
Ұлыбританияда Олимпиада ойындары аясында сәрсенбі күні футболдан әйелдер командалары арасында алғашқы кездесулер өтті. Британ футболшылары 1:0 есебімен Жаңа Зеландия командасын жеңіп, АҚШ құрамасы француздарды 4:2 есебімен ұтты. Канадалық қыздар 1:2 есебімен Жапония командасынан жеңіліп қалды. Бразилия құрамасы 5:0 есебімен Камерун футболшыларынан, сондай-ақ швед ойыншылары 4:1 есебімен Оңтүстік Африка командасынан басым түсті.

Ал Солтүстік Корея мен Колумбия құрамалары арасындағы кездесу бір сағатқа кешігіп басталды. Себебі, Солтүстік Корея командасы матч алдында таблода өз футболшыларының есімдерінің тұсында Оңтүстік Кореяның туының көрсетілуіне наразылық ретінде алаңнан кетіп қалды. Ұйымдастырушылар бұл ағаттық үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды. Бұл кездесуде Солтүстік Корея құрамасы бәсекелесін 2:0 есебімен жеңді.

Лондон Олимпиадасының ашылу салтанаты шілденің 27-і күні өтеді.
XS
SM
MD
LG