Accessibility links

Грек атлеті олимпиадалық құрамадан шеттетілді


Жаттығу жасап жүрген грек атлеті. Көрнекі сурет.
Жаттығу жасап жүрген грек атлеті. Көрнекі сурет.
Грекияның Олимпиада комитеті жеңіл атлет Воулу Папахристудың Лондон Олимпиадасына баратын спортшылар құрамынан шеттетілгені туралы мәлімдеді.

Воулу Папахристудың Twitter әлеуметтік желісі арқылы африкалық иммигранттардың атына айтқан әжуасы мен әсіре оңшыл партияға білдірген қолдауын грек комитеті Олимпиадалық қозғалыс құндылықтарына қайшы деп бағалады. Папахристу өзінің қолайсыз қалжыңы үшін кешірім сұрады.

Ол шілденің 22-сі күні әлеуметтік желідегі парағында негізінен Ніл өзенінің жағасында кездесетін вирус таратушы масалардың Афинада қаптап кеткені жөнінде және Грекиядағы африкалықтар туралы жазған. Сонымен бірге ол иммигранттарға қатысты премьер-министрдің ұстанымын сынаған әсіре оңшыл партияның твит-хабарламаларын қайтара жариялаған.
XS
SM
MD
LG