Accessibility links

Пәкістанда терактіден 8 адам мерт болған


Қауіпсіздік қызметінің өкілдері жарылыс болған жерді зерттеп жүр. Баджаур ауданы, Пәкістан, 4 мамыр 2012 ж.

Қауіпсіздік қызметінің өкілдері жарылыс болған жерді зерттеп жүр. Баджаур ауданы, Пәкістан, 4 мамыр 2012 ж.

Бүгін Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас солтүстік-батысындағы Баджаур ауданында базарда болған жарылыс салдарынан 8 адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған.

Құрбан болғандардың барлығы бейбіт тұрғындар деп хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, көпшілік адам жүрген базарда алыстан басқарылатын бомба жарылған.

Әзірге бұл жарылысқа жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Бұған дейін осы аймақта болған бірнеше шабуылға өздерінің қатысы бары жайлы тәлібтер мәлімдеме жасаған.
XS
SM
MD
LG