Accessibility links

Үнді мұхитында күшті жер сілкінісі тіркелді


Жер сілкінісін тіркейтін құралдың жазбасы. Көрнекі сурет.

Жер сілкінісін тіркейтін құралдың жазбасы. Көрнекі сурет.

Бүгін Үнді мұхитының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Маврикий арал-мемлекетінің жағалауына жақын маңда күшті жер сілкінісі тіркелген. АҚШ-тың геология қызметі алғашында оның күші 6,7 магнитуда деп хабарлаған, кейін 5,8 магнитуда деген дерек айтылды.

Жер сілкінісінің эпицентрі 10 километрдей тереңдікте, Порт-Матурин қаласынан шамамен 400 шақырымдай жерде болған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
XS
SM
MD
LG