Accessibility links

Тәжік президенті Олимпиаданың ашылуына бармайды


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. Душанбе, 26 маусым 2012 ж.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. Душанбе, 26 маусым 2012 ж.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Лондондағы ХХХ Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына бармайды деп хабарлады бүгін президенттің баспасөз қызметі. Бірақ Рахмонның жоспарлы сапарының өзгеруінің себебі айтылмайды.

Кейбір сарапшылар бұны Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысында болған соңғы оқиғалармен байланыстырады. Кеше онда шілденің 21-і кісі қолынан қаза тапқан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің генералы Абдулло Назаровты өлтірген күдіктілерді қолға түсіру мақсатында жүргізілген әскери операцияның аяқталғаны хабарланды.

Ресми орындардың ақпараты бойынша, осы операция барысында үкімет күшінен 12 сарбаз қаза тауып, 23-і жараланған. Ал қарсы жақтан 30 адам өліп, 40 адам қолға түскен.

Қазір билік пен бүлікшілер арасында келіссөздер өтіп жатыр. Үкімет өз еркімен қаруын тапсырғандарды қудаламауға уәде берген.
XS
SM
MD
LG