Accessibility links

Сирияда Алеппо қаласына қосымша әскер күші әкелінді


Үкімет күштеріне қарулы қарсылық көрсетіп жатқан адам. Алеппо қаласы, Сирия, 25 шілде 2012 ж.

Үкімет күштеріне қарулы қарсылық көрсетіп жатқан адам. Алеппо қаласы, Сирия, 25 шілде 2012 ж.

Сирияда үкімет күштері мен олардың қарсыластары маңызы жағынан ел астанасынан кейін екінші саналатын Алеппо қаласы үшін "шешуші айқасқа" дайындалып жатыр.

Президент Башар Асадтың қарсыластары үкімет Алеппоға қосымша әскер күші мен ауыр техниканы әкеліп жатыр деп хабарлады.

Алеппо көшелерінде бір аптадан бері үкімет әскері мен көтерілісшілер арасында ұрыстар жалғасып, әскерилер қарсыластардың күшін ығыстырып шығаруға әрекет жасап жатыр. Оппозиция өкілдері үкімет күштері оларға қарсы артиллерия мен минометтерді, тікұшақтарды пайдаланып отырғанын айтады.

Сол сияқты ел астанасы Дамаск қаласында да атыс естіледі. Билік күштері қаланың ауқымды бөлігін көтерілісшілерден қайтарып алды.

Өміріне төнген қауіптен бассауғалаған бейбіт тұрғындар елден кетіп жатыр. Осы кезге дейін мыңдаған адам Сирияны тастап Түркия, Ливан, Иордания мен Иракқа босып кетті.
XS
SM
MD
LG