Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Сребренницаға алғаш рет келді


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сребренница қырғыны құрбандарына қойылған ескерткіш басында. Потокари, Сребренница, 26 шілде 2012 ж.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сребренница қырғыны құрбандарына қойылған ескерткіш басында. Потокари, Сребренница, 26 шілде 2012 ж.

Сребренницаға келген БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун 1995 жылы шілдеде осында серб әскерінің қолынан қаза болған сегіз мың мұсылманның рухына арнап Потокариде орнатылған ескерткішке ақ гүл шоқтарын қойып, құрбандарды еске алды.

Ол Сребренницадағы қырғынға жол бермеу үшін кезінде БҰҰ-ның жеткілікті дәрежеде күш-жігер жұмсамағанын мойындады.

Парламентте сөйлеген Пан Ги Мун босниялық жетекшілерді өзара құрмет, сыйласымдылық пен төзімділікке негізделген қоғам құруға шақырды.

Пан Ги Мун Сребренницаға алғаш рет келген БҰҰ бас хатшысы.
XS
SM
MD
LG