Accessibility links

Сауд Арабиясының спортшысына хиджаппен күресуге тыйым салды


Олимпиада қатысуға келген Воджан Шахерхани (сол жақта) әкесімен бірге Хитроу әуежайында. 25 шілде 2012 ж.
Олимпиада қатысуға келген Воджан Шахерхани (сол жақта) әкесімен бірге Хитроу әуежайында. 25 шілде 2012 ж.
Халықаралық дзюдо федерациясы Сауд Арабиясының спортшысы 18 жастағы Воджан Шахерханиге Лондон Олимпиадасында хиджап киіп күресуіне тыйым салды.

Федерацияның шығарған қаулысында спортшы дзюдо принциптеріне сәйкес, яғни жалаңбас шығып белдесуі тиіс екендігі айтылған. Спорттың бұл түрінің қауіпсіздік ережелері бойынша кез келген бас киім балуанның денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін деп саналады.

Дзюдошы Воджан Шахерхани мен АҚШ-та туып өскен желаяқ Сара Аттар Сауд Арабиясының атынан Олимпиадаға қатысқалы отырған алғашқы әйелдер. Халықаралық Олимпиада комитеті мен құқық қорғаушылардың қысымынан соң Сауд Арабиясының билігі бұл екі спортшыға Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат берген.
XS
SM
MD
LG