Accessibility links

Кузбасс шахтасындағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды


Шахтада қаза тапқан әріптесінің сүйегін әкеле жатқан ресейлік кеншілер. Көрнекі сурет.

Шахтада қаза тапқан әріптесінің сүйегін әкеле жатқан ресейлік кеншілер. Көрнекі сурет.

Ресейдің Кемеров облысының тергеу орындары Прокопьевск қаласындағы «Зиминка» шахтасында болған апат салдарынан үш кеншінің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бүгін түнде жергілікті уақыт бойынша сағат екіде «Зиминка» шахтасында апат болған. Алғашында шахтада метан газы жарылған деген ақпарат тарағанымен, кейін ол хабардың рас екендігіне күмән келтірілді.

Тергеушілер бұл төтенше оқиғаға «қауіпсіздік ережелерін бұзу» себеп болған деген болжамды зерттеп жатыр деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі.

Бұл осы аптада аймақта тіркелген екінші апат болып отыр. Кеше «Комсомолец» шахтасында өрт шығып, ол туралы дабыл түскен соң жер астында жұмыс істеп жатқан 263 адам дереу эвакуацияланды. Зардап шеккендер болған жоқ.
XS
SM
MD
LG