Accessibility links

Тәжікстанда бүлікшілердің қаруларын тапсыруға келіскені хабарланды


Әскери операция барысында оққа ұшқан үкімет сарбаздары. Хорог, Таулы Бадахшан, Тәжікстан, шілде, 2012 ж.

Әскери операция барысында оққа ұшқан үкімет сарбаздары. Хорог, Таулы Бадахшан, Тәжікстан, шілде, 2012 ж.

Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысында билік өкілдерімен келіссөздер барысында бүлікшілер үкіметтің оларға қойған екі талаптың бірі – қаруларын тапсыруға келіскені туралы ақпарат тарады.

Алайда, тағы бір талап – генерал Назаровтың өліміне қатысты күдікті саналатын адамдарды беру туралы мәселеде екі жақ әлі тоқтамға келе алған жоқ, келіссөздердің жалғасып жатқаны айтылып отыр.

Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің генералы Абдулло Назаров шілденің 21-і күні Таулы Бадахшан аймағында қасақана өлтірілген. Оның өліміне қатысы бар күдіктілерді қолға түсіру мақсатында үкімет күштері арнайы әскери операция басталғанын хабарлады. Сәрсенбі күні тәжік билігі операцияны уақытша тоқтатып, үкімет күштеріне қарулы қарсылық көрсетіп жатқандармен келіссөздер бастады. Үкімет өз еркімен қаруын тапсырғандарды қудаламауға уәде берген.

Ресми орындардың ақпараты бойынша, әскери операция барысында үкімет күшінен 12 сарбаз қаза тауып, 23-і жараланған. Ал қарсы жақтан 30 адам өліп, 40 адам қолға түскен.
XS
SM
MD
LG