Accessibility links

Азияның үш дүркін чемпионын өлтірген адам 7,5 жылға сотталды


Шахтинскіде қаза тапқан жас боксшы Ермек Серіков.

Шахтинскіде қаза тапқан жас боксшы Ермек Серіков.

Бүгін Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының соты азамат Владимир Шепинді 7,5 жарым жылға қамау жазасына кесу туралы үкім шығарды. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі хабарлады.

2009 жылы тамыздың 10-ы күні жедел жәрдем көлігімен Шахтинск қалалық ауруханасына оң жамбасынан травматикалық «Оса» тапаншасынан ок тиіп қансыраған 20 жастағы азамат жеткізіліп, ертесінде түсте операция кезінде қайтыс болған. Бокстан Азияның үш дүркін жеңімпазы Ермек Серіковтің осылайша қаза болғаны туралы Азаттық радиосы сол кезде хабарлаған.

Тергеу нәтижесі бойынша, Серіковке оқ атқан күдікті ретінде Владимир Шепинге қарсы қылмыстық іс қозғалды.

«Бүгін сот Владимир Шепинді Қазақстан қылмыстық кодексінің 103-бабы бойынша айыпты деп танып, оны жеті жыл алты ай мерзімге бас еркіндігінен айыру жазасын тағайындауға үкім шығарды», - деп хабарлаған сот қызметкері.

Сот шешіміне сәйкес, Шепин жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.
XS
SM
MD
LG