Accessibility links

Қазақстандық екі ауыр атлет біржола шеттетілді


Қазақстандық ауыр атлеттер. Астана, 12 шілде 2012 жыл
Қазақстандық ауыр атлеттер. Астана, 12 шілде 2012 жыл
Қазақстандық ауыр атлеттер Арли Чонтей мен Фархад Харки Лондондағы олимпиада ойындарына қатыспайды. Бұл туралы vesti.kz спорт порталы мәлімдеді.

Порталдың хабарлауынша, олимпиадаға Арли Чонтей (56 кг) мен Фархад Харкидің (62 кг) орнына Кирилл Павлов (77 кг) пен Александр Зайчиков (105 кг) қатысады. Чонтей мен Харки Қазақстанға Қытайдан келген спортшылар. Бұл атлеттердің олимпиадаға қатысуына халықаралық ауыр атлетика федерациясы қарсы шыққан еді.

Алайда vesti.kz порталының жазуынша, Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Чонтей мен Харки жарақат алып қалды деген хабар таратқан.

Қытайдан Қазақстанға келген екі спортшының суреті мен аты-жөндері олимпиада ойындарының ресми сайтынан алынып тасталды. Олардың орнына Павлов пен Зайчиков туралы мәліметтер орналастырылған.

Олимпиадаға қатысатын Кирилл Павлов пен Александр Зайчиков Қазақстанда туған. Олар Талдықорғанда өткен іріктеу жарысына қатысқан. Іріктеу қорытындысы бойынша бапкерлер бұл спортшыларды «қосалқы құрамаға» енгізіп, «олимпиадада күтпеген жағдай туса, жарысқа қатыстырамыз» деп мәлімдеген.

Бұл мәселеге байланысты федерация өкілдері Азаттық тілшісіне комментарий беруден бас тартты.
XS
SM
MD
LG