Accessibility links

Лондон Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті


ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатынан көрініс. Лондон, 27 шілде 2012 ж.
ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатынан көрініс. Лондон, 27 шілде 2012 ж.
Жұма күні Ұлыбритания астанасында ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Британ велоспортшысы, үш дүркін олимпиада чемпионы Брэдли Уиггинс Лондондағы Олимпиадалық стадионда орнатылған 27 тонналық үлкен қоңырауды соғып, кезекті Олимпиада ойындарының басталғанын паш етті.

Ашылу рәсімінде режиссер Дэни Бойлдың мерекелік шоу көрсетілді. Олимпиадаға қатысуға әр елден келген ұлттық командалар шеруін Грекия құрамасы бастап шықты. Лондон Олимпиадасының ұйымдастыру комитетінің басшысы лорд Коу мен Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Жак Рогге құттықтау сөз сөйледі.

Бұдан соң Ұлыбритания ханшайымы ІІ Елизавета ХХХ жазғы Олимпиада ойындарын ашық деп жариялады.

Тамыздың 12-іне дейін жалғасатын Лондон Олимпиадасында әлемнің 204 елінен келген 10 мыңнан астам спортшы жүлдеге тағайындалған мың медаль үшін өзара бәсекеге түседі.

Қазақстаннан бұл ойындарға спорттың 25 түрінен 116 спортшы қатысады деп хабарланған.
XS
SM
MD
LG