Accessibility links

Қытайда шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болды


Құбырдан ағып жатқан лас су. Көрнекі сурет.
Құбырдан ағып жатқан лас су. Көрнекі сурет.
Бүгін Қытайдың Шанхай қаласымен жапсарлас Кидонг қаласының мыңдаған тұрғыны орталық алаңға шығып, жапон компаниясының иелігіндегі жергілікті қағаз комбинатының өндіріс қалдығы мен лас суды теңізге төгуіне наразылық білдірген.

Көшеде бірнеше көлікті аударып, жергілікті әкімшілік кеңсесіне басып кірген шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болған. Билік орындары даулы комбинатты жабуға уәде беріп, жиналған жұртты үйлеріне тарауға шақырған.
XS
SM
MD
LG