Accessibility links

Сирияның Алеппо қаласында үкімет күші шабуылға кірісті


Алеппо қаласының үкімет әскері атқылаған бөлігінен бассауғалаған тұрғындар. 26 шілде 2012 ж.

Алеппо қаласының үкімет әскері атқылаған бөлігінен бассауғалаған тұрғындар. 26 шілде 2012 ж.

Сирияда үкімет әскері Алеппо қаласында көтерілісішілер бекінген кварталдарға шабуылды күшейткені туралы ақпарат тарады. Сириялық белсенділер оппозицияның қарулы күштері орналасқан қаладағы Салахеддин ауданында кескілескен ұрыс жүріп жатқанын айтады.

Сирияның экономикалық орталығы саналатын Алеппо қаласына бейсенбіден бастап үкімет қосымша әскер және әскери техникалар жеткізіп, қаланың жекелеген бөлігіне зеңбірек пен әуеден оқ жаудырды.

Өміріне төнген қауіптен бассауғалаған мыңдаған бейбіт тұрғын Аллепоны тастап шығуға мәжбүр болды. Алеппо провинциясынан сайланған парламент депутаты Ихлас әл-Бадауи Түркияға қашып барды.

Жұма күні БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирия билігін Алеппоға қарсы әскери операцияны тоқтатуға шақырған.
XS
SM
MD
LG