Accessibility links

Солтүстік Кореяда тасқыннан 88 адамның мерт болғаны хабарланды


Тасқын су. Көрнекі сурет.

Тасқын су. Көрнекі сурет.

Солтүстік Кореяда су тасқынынан қаза болғандары саны 88 адамға жеткен, сонымен бірге тағы 134 адам тасқыннан зардап шеккен. Бұл туралы бүгін Солтүстік Кореяның ақпарат құралдары хабарлаған.

Тасқыннан келген зиян көлемі туралы нақты дерек әзірге айтылған жоқ. Бұған дейін табиғи апаттан қаза болғандар саны 8 адам деп айтылған.

Солтүстік Кореяда өткен аптада жауған қалың нөсердің соңы қатты тасқынға ұласқан еді.
XS
SM
MD
LG