Accessibility links

Жаңаөзен қаласында патрульдік нарядқа тас лақтырылды


Жаңаөзен қаласындағы әскерлер қоныстанған орын. Көрнекі сурет.
Жаңаөзен қаласындағы әскерлер қоныстанған орын. Көрнекі сурет.
«Жаңаөзен қаласында патрульдік нарядқа тас лақтырылған» деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасы департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, 28 шілдеде Жаңаөзен қаласында басталған «Тәртіп сақтау» жедел-сауықтыру шарасы тамыздың 3-іне аяқталады.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда «әскерилермен бірге қаланы бақылап жүрген полицейлер 28-інен 29-ына қараған түні сағат 3-тер шамасында «Шұғыла» ықшам ауданында күдік туғызатын екі жас азаматты көрген. Ол азаматтар құжаттарын сұраған кезде қашып кеткен»

«Күдіктілерді ұстау кезінде 6656 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша қатардағы жауынгері басынан жарақат алып, оған жедел медициналық жәрдем көрсетілді. Күдіктілер ұсталып, бірі 25 жастағы, екіншісі 33 жастағы Жаңаөзен тұрғындары екені анықталды. Уақытша оқшаулау орнына қамалған күдіктілер тергеліп жатыр»,-дейді Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG