Accessibility links

Сирия әскері Алеппоның бір ауданын азат еткенін хабарлады


Cирия тұрғындары Алеппоны тастап барады. 26 шілде 2012.
Cирия тұрғындары Алеппоны тастап барады. 26 шілде 2012.
Сирия әскерилері Алеппоның оңтүстік-батысында көтерілісшілер бекінген ауданды азат еткенін мәлімдеді.

Айтуларынша, олар Салахеддин ауданынан оппозицияны тықсырған. Reuters агенттігі өз дереккөзіне сілтеме жасап, Башар Асад режиміне қарсы көтерілісшілердің Алеппоның басым аумақтарын бақылап отырғанын хабарлады.

Бұдан алдын әскерилер көтерілісшілерге қарсы ауқымды шабуылдың басталғанын жариялаған.

БҰҰ мәліметіне қарағанда, қақтығыстар барысында 200 мың бейбіт тұрғын Алеппоны тастап шыққан. Ұйымның гуманитарлық операциялар бойынша ведомствосының басшысы Валери Амос Сирия билігін қалада құрсауда қалған тұрғындарға көмек жеткізу үшін қауіпсіз дәліз құруға шақырды.

Жексенбіде Ирандағы сапарында Сирия сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем үкіметке қарсы күштердің жеңіліске ұшырайтынын айтты.
XS
SM
MD
LG