Accessibility links

Қазақстаннан Еуропарламент депутаттарына кедергі қоймауды сұрады


Еуропарламент төрағасы Мартин Шульц. Брюссель. 30 қаңтар 2012 жыл.

Еуропарламент төрағасы Мартин Шульц. Брюссель. 30 қаңтар 2012 жыл.

Еуропарламенттің бірқатар депутаттарының Қазақстанға баруына рұқсат беру мәселесі жөнінде аталған ұйымның төрағасы Мартин Шульц Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановқа хат жолдады. Бұл хаттың көшірмесі оппозициялық «Социалистическое сопротивление» ұйымының сайтында жарияланды.

«Ресми сапарлардан өзге, кейбір депутаттар Қазақстанға кәсіподақтар, азаматтық қоғам институттары мен өзге де үкіметтік емес ұйымдар тарапынан шақырылуы мүмкін. Еуропарламент мүшелері Брюссельдегі Қазақстан елшілігінен ешбір жауап ала алмай, визасыз қалған кездері де болған еді» делінген хатта. Шульц Еуропарламент депутаттары мұндай кедергілермен енді жолықпайтынына сенетінін білдіріпті.

Биыл сәуір айында Бельгиядағы Қазақстан елшілігі Еуропарламент депутаты Пол Мерфиге виза бермеді және себебін де түсіндірмеді» деп жазылған Еуропарламент фракцияларының бірінің сайтында. Пол Мерфи Қазақстанға былтырғы Жаңаөзен оқиғасы бойынша келмекші болған еді.
XS
SM
MD
LG