Accessibility links

Қазақстан Олимпиада ойындарында жетінші орында тұр


Зүлфия Чиншанло Олимпиада чемпионы атанды. Лондон. 29 шілде 2012 жыл.
Зүлфия Чиншанло Олимпиада чемпионы атанды. Лондон. 29 шілде 2012 жыл.
«Қазақстан қазіргі уақытта Лондонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жүлделі орындар алған елдер арасында жетінші орында тұр» деп хабарлайды «Олимпияда ойындары - 2012» ресми сайтында.

Қазақстан есебінде велоспортшы Александр Винокуров пен ауыр атлет Зүлфия Чиншанло алған екі алтын медаль бар.

Алғашқы үш орынды Қытай, АҚШ және Италия иеленген. Тізім соңында әзірге жалғыз қола медальі бар Өзбекстан тұр.

Лондондағы Олимпиада ойындары 27 шілдеде салтанатты түрде ашылған болатын.
XS
SM
MD
LG