Accessibility links

Швейцариялық футболшы расизмдік пікірі үшін Олимпиададан шеттетілді


Твиттердің белгісі.

Твиттердің белгісі.

Оңтүстік Корея командасымен матчтан соң Твиттер әлеуметтік желісінде білдірген оғаш пікірі үшін Швейцария футбол командасының мүшесі Мишель Морганелла Лондон Олимпиадасынан шеттетіледі.

Морганелла Оңтүстік Корея командасы мен сол елдің тұрғындарының ар-намысын қорлады деп мәлімдеді Швейцария командасының бапкері Джиан Джилли. Қазір Морганеланның Твиттердегі аккаунты жабық тұр.

Морганелла Твиттерде расистік сипаттағы сөзі үшін Лондон Олимпиадасынан шеттетілген екінші адам болып отыр. Бұған дейін Грекия командасының мүшесі Воулу Папахристу Африкалық иммигранттардың атына айтқан сөзі үшін Олимпиадалық құрама қатарынан алынып тасталған еді.
XS
SM
MD
LG