Accessibility links

Ресейдің Алтай өлкесінде бүгін жер сілкінді


Ресейдің Алтай өлкесіндегі Телец көлі.
Ресейдің Алтай өлкесіндегі Телец көлі.
Бүгін таңертең Ресейдің Алтай республикасы аумағында жер сілкінді. Оның магнитудасы 5,3 болғаны туралы ақпарат тарады. Жер дүмпуі Алтай өлкесінің Қосағаш және Улаган аудандарындағы елді мекендерде, сондай-ақ Шығыс Қазақстанда сезілген.

Зардап шеккендер туралы деректер түскен жоқ, әлеуметтік нысандардың барлығы қалыпты жұмыс істеп тұр деп хабарлады Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің осы республикадағы қызметі.

Алтай республикасы мен оған жапсарлас аймақта бұған дейін 2003 жылы қыркүйекте күшті жер сілкінісі болған еді.
XS
SM
MD
LG