Accessibility links

Сирияда Алеппо қаласында әскери операция жалғасып жатыр


Үкіметке қарулы қарсылық көрсетіп жатқандар. Анадан ауылы, Алеппо аймағы, Сирия, 30 шілде 2012 ж.

Үкіметке қарулы қарсылық көрсетіп жатқандар. Анадан ауылы, Алеппо аймағы, Сирия, 30 шілде 2012 ж.

Сириядағы Алеппо қаласында үкімет әскері мен билікке қарсы шыққандар арасында төртінші күн бойы ұрыс жалғасып жатыр. Жергілікті ауруханалардың жаралы жандарға толып, мыңдаған бейбіт тұрғынның қаладан бассауғалап кетіп жатқаны туралы ақпараттар тарады.

Босқындардың көбі көршілес Түркияны паналады. Түрік премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған Сириядағы жағдайды реттеу мәселесін дүйсенбі күні АҚШ президенті Барак Обамамен телефон арқылы талқылаған. Тараптар Сириядағы саяси жағдайдың өзгеруі үшін белсенді іс-қимыл жасауға келіскен.

Нью-Йоркте сөйлеген БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирияда үкімет күштерінің елді мекендердегі әскери операцияларға ауыр техниканы қолдануына байланысты тағы да алаңдаушылық білдірді.
XS
SM
MD
LG